Алматыда түнде Оспанов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматының шығыс бөлігінде арық жүйесін салу және қайта жаңарту жобасы аясында, Оспанов көшесінде арық желісінің өткелін салу жұмыстары жүргізіледі.
"Осыған байланысты 2025 жылы 2 қазан сағат 22:00-ден 3 қазан сағат 06:00-ге дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу "Эдельвейс" тұрғын үй кешенінен Жамақаев көшесіне дейінгі учаскеде енгізіледі", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!