ПОДЕЛИТЬСЯ
11 шілде 2022 | 18:08
Алматыда осы аптада ауа райы қандай болады?
Қазгидромет синоптиктері Алматыда апта аяғына дейін ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет синоптиктері Алматыда апта аяғына дейін ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына 12 шілдеде күн күркірейтінін ескертті.
"12 шілдеде, ертең Алматыда және облыста найзағай күтіледі, Алматы облысында найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Ауа райының тұрақсыздығы екі күнде де сақталады - 12 және 13 шілдеде. 14 шілдеден бастап ауа райы жақсарады, демалыс күндері бірте-бірте 35-36 градусқа дейін көтеріледі", - деді "Қазгидромет" Алматы қаласы бойынша филиалының метеорологиялық болжау бөлімінің басшысы Дәулет Қисебаев.
Бөлім басшысының айтуынша, осы аптаның бейсенбі және жұма күндері ауа райы жауын-шашынсыз болып, ауа температурасы 30-32 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі. Демалыс күндері және келесі аптаның басында күн жылынады.
Алдағы бір-екі күнде Алматыда найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады деп күтіледі, алайда жаңбыр жаууы да мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также