15 қазан 2019 | 09:21

Алматыда өткен жылдан бері жалақысын алмаған жұмысшылар наразылыққа шықты

Наразылық білдірген жұмысшылар. © instagram.com/krispi_almaty

Алматы әкімдігі жұмысшылардың митингіге шығуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі жұмысшылардың митингіге шығуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық мобильділік басқармасының хабарына қарағанда, наразылыққа шыққан "Мостостроительный отряд №25 имени Рязанова А." ЖШС жұмысшылары, олар Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы жолайрықты салып жатыр. Жұмысшылар 2018 жылдың қарашасы мен 2019 жылдың мамыры аралығындағы жалақысын алмаған.  

Реклама
Реклама

Ведомстводағылар тапсырыс берушілердің мердігер ұйымға ақша қарыз екенін мәлімдеді. Компания өзіндік себептерімен 32 қызметкеріне 18,3 миллион теңге қарыз болып қалған. 

"Бүгін Еңбек қауіпсіздігін бақылау бөлімінің басшысы, Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы оқиға орнына барды. Қызметкерлерге еңбек заңнамасының нормаларына түсініктеме берілді. Осы факті бойынша (пайда болған берешек жайлы айтылып отыр) Алматы облысының еңбек инспекциясы жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ережебұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілді. Бүгінде нұсқамалар орындалмаған. Тексеру материалдары ҚР ҚК-нің 152-бабы бойынша шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды", - деп жауап берді Алматы әкімдігі.

Мұның алдында әлеуметтік желілерде наразылыққа шыққан жұмысшылардың суреті жарияланған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ????????????????????????_???????????????????????? (@krispi_almaty) 14 Окт 2019 в 12:55 PDT


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная