10 қараша 2020 18:06

Алматыда ойын-сауық орталықтарының жұмыс уақыты өзгерді

Фото:Әлихан Сариев

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында сауда және ойын-сауық орталықтарының жаңа жұмыс уақыты туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында сауда және ойын-сауық орталықтарының жаңа жұмыс уақыты туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұрын сауда орталықтары сенбі мен жексенбіде жабық болса, енді жұмыс істейді, бірақ жұмысы 1 сағатқа қысқарады", - деді Бекшин.

Реклама
Реклама

Кейінірек ақпаратты Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер түсіндірді. Олар сауда және ойын-сауық орталығының жұмысына сенбі мен жексенбіні қоса алғанда барлық күні сағат 22.00-ге дейін рұқсат етілгенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram