06 желтоқсан 2014 10:54

Алматыда ойынхананың орнына салынған жаңа мешіт ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Роза Есенкұлова ©Роза Есенкұлова

Алматыда бұрынғы Zodiak ойынханасының орнына салынған жаңа мешіт ашылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 6 мың шаршы метр аумақты алып жатқан бұл мешіт Жандосов пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында орналасқан. 

Мешіттің астында 100 көлік қоюға болатын автотұрақ бар. Мешіттің құрылыс жұмыстары 2012 жылдың тамыз айында басталғанын Тengrinews.kz жазған болатын. Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы бұл нысан Қазақстан Мұсылмандар Діни басқармасының бастамасымен салынып жатқанын хабарлаған болатын. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы аталған ғибадатхана рухани тұрақтылығымыздың кепілі болатынын тілге тиек етті.  

Мешіт үш қабаттан тұрады. Ерлер мен әйелдердің намаз оқуына арналған жеке-жеке бөлмелері бар. Мешіттің қабырғаларынан құранның сүрелерін оқуға болады. Безендіруге негізінен көк, көгілдір түстер пайдаланылған. Tengrinews.kz бұған дейін хабарлағанындай ғимаратты салуға қанша қаржы жұмсалғаны белгісіз. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети