07 тамыз 2019 | 15:44

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

© Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Алматыда пәтер ұрлығы азайды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда пәтер ұрлығы азайды, - деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Алматы полициясы қылмыстың алдын алу мақсатында IT-технологиялардың мүмкіндіктерін белсенді пайдаланып жатыр. Бүгінде қалада 120 мыңға жуық бейнебақылау камерасы бар. Олардың 90 пайызының бюджеттен тыс қаржыға орнатылғаны айтылады.

Реклама
Реклама

"Қауіпсіз аула" қағидасы бойынша көппәтерлі үйлерде 44 мың 687 бейнекамера орнатылды, жеке сектор көшелерінің қиылысында 8 мың 642 бейнебақылау камералары жұмыс істейді, ал жеке тұрғын үйлердің аулаларында 30 мың 154 бейнекамера бар. Сонымен қатар, қалада жекеменшік нысандарда 35 мың 892 сыртқы бақылау камералары орнатылды. Олардың көмегімен жыл басынан бері 975 қылмыстың беті ашылды, 8 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды", - деді Алматы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Төрехан Исин.

Сондай-ақ, полициядағылардың мәліметінше,, бейнекамералардың арқасында бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысы азайған: пәтер тонау - 2,3 есе, автомобильдер ұрлығы - 2,9 пайызға, ұялы телефон ұрлығы - 48,1 пайызға, көлік айналарын ұрлау - 4,3 есе, қалта ұрлығы - 3,4 есе, көлік ішінен ұрлау - 13,5 пайызға, түсті және қара металды ұрлау 21,7 пайызға азайды.

"Сонымен қатар, камераларда жазылған видеоны қолдану нәтижесінде соңғы үш жылда пәтер ұрлығы 2,9 есе төмендеді", - делінген хабарламада.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная