01 ақпан 2023 | 14:07

Алматыда патруль көліктерінде жаңа "Сергектер" пайда болды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

Алматыда патрульдік полиция көліктеріндегі жаңа "Сергек" камералары видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда патрульдік полиция көліктеріндегі жаңа "Сергек" камералары видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ПД мәліметінше, қазір қалада "Сергек" орнатылған осындай сегіз патрульдік көлік бар. Алайда уақыт өте келе олардың саны артады, деп сендірді полиция.

Реклама
Реклама

Жаңа "Сергек – Патруль" кешені мегаполистегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жол-көлік оқиғаларын азайтуға бағытталған. Қазіргі уақытта жоба пилоттық негізде жүзеге асырылып жатыр.

"Камералар және жоғары интеллект көмегімен кешен көлікті анықтайды, мемлекеттік нөмірді таниды және деректерді серверге жібереді. Бұл ретте мемлекеттік тіркеу белгісі техникалық байқау мен сақтандыру полисінің болмауы, төленбеген айыппұлдардың бар-жоғына, ұрлық және қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоғына байланысты тексеріледі. Сонымен қатар, бағдарлама қоғамдық көліктерге арналған жолақтардағы жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін түсіреді. Құрылғы тіркеген оқиғалар жол қозғалысы ережелерін бұзуды өңдеу үшін әкімшілік құқық бұзушылық бірыңғай тізіліміне жіберіледі", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная