Алматыда пентхаусқа қосымша салынған құрылыстар сүріледі

видео кадры

Алматыда сот шешімі бойынша пентхаусқа қосымша салынған заңсыз ғимараттар бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда сот шешімі бойынша пентхаусқа қосымша салынған заңсыз ғимараттар бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, әл-Фараби даңғылы, 101 мекенжайындағы пентхаусқа қосымша салынған ғимараттарды бұзады.

Элиталық тұрғын үй иесі (жеке тұлға) өз пәтерінің айналасына рұқсат құжаттарынсыз қосымша ғимараттар тұрғызғаны айтылды.

Реклама
Реклама

"Басқарма нысан бойынша жоспардан тыс тексерулерді бірнеше рет бастады, бірақ меншік иесі хабарлама алудан бас тартқан. Еске салайық, ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру субъектісіне жоспардан тыс тексеру тағайындау туралы актіні тапсырған кезде ғана басталуы мүмкін.

Басқарма Бостандық аудандық сотына жалпы ауданы 150 шаршы метр пентхаусқа жапсаржайды бұзу туралы талап арыз берді", - делінген хабарламада.

Бостандық сотының 2023 жылғы 13 қаңтардағы шешімі бойынша, басқарманың бұзу туралы талабы қанағаттандырылған.

"Былтыр 11 сәуірде Алматы қалалық соты бірінші сатылы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Меншік иесі заңсыз тұрғызылған құрылысты бұзуға Алматы қаласы Әділет департаментінің сот орындаушыларымен бірге ерікті түрде кірісті".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама