06 желтоқсан 2021 | 17:14

Алматыда Pfizer вакцинасын ақылы түрде алу қашан басталады? Дәрігер жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©REUTERS

Алматылық дәрігерлерге Pfizer компаниясының Comirnaty препаратымен ақылы түрде вакциналау қашан басталатыны туралы сұрақ қойылды. Бұл сұраққа Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық дәрігерлерге Pfizer компаниясының Comirnaty препаратымен ақылы түрде вакциналау қашан басталатыны туралы сұрақ қойылды. Бұл сұраққа Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Лаура Мырзағали жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Алматыда Pfizer препаратын ақылы негізде алуға тіркелу басталғаны хабарланған болатын. Брифингте журналистер нақты уақытты сұрады. Қоғамдық денсаулық басқармасы жауабына сүйенсек, нақты уақыты мен бағасы әлі белгісіз.

"Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінен барлық өңірге құжат жолданды, онда департамент ақылы негізде Pfizer вакцинасын салдыруды қалайтын қазақстандықтардың санын анықтау сұралған. Алматыда осы уақытқа дейін 3279 адам өтініш білдірді. Алайда Pfizer арқылы ақылы екпе қашан басталатыны әзірге белгісіз. Бір дозаның бағасы да белгісіз", - деді Мырзағали.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, алдымен дәрігерлер Pfizer вакцинасын салдырғысы келетін адамдардың алдын ала санын анықтауы керек. Осыдан кейін ғана америкалық компаниядан сатып алу шарты жасалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная