Алматыда PokStars және LuckyShark онлайн-казино ұйымдастырушылары жазаланды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

ҚМА Алматы бойынша департаменті PokStars және LuckyShark заңсыз онлайн-құмар ойындарын ұйымдастырған тұлғалар тобына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Алматы бойынша департаменті PokStars және LuckyShark заңсыз онлайн-құмар ойындарын ұйымдастырған тұлғалар тобына қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА мәліметінше, банк арқылы ақша алынып, одан соң ойыншыларға жүйеге кіру үшін логин мен құпиясөз берілген.

"Қаржылық операциялар ұйымдастырушалрдың туыстары мен үшінші тұлғалардың, соның ішінде шетел азаматтарының (дропперлердің) атына рәсімделген банк карталары арқылы жүргізілген. Жаңа ойыншыларды тарту мақсатында әлеуметтік желілерде ойын клубын жарнамалайтын нысаналы жарнама қолданылған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот үкімі бойынша, үш кінәлі тұлға 2 жыл 6 айдан 4 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Мемлекет пайдасына 116 миллион теңге көлеміндегі заңсыз табыс пен ZEEKR маркалы автокөлік тәркіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама