02 қазан 2020 | 17:54

Алматыда полицей жанып жатқан үйден зейнеткерді алып шықты

Сурет: polisia.kz

Алматыда полиция қызметкері жанып жатқан үйге кіріп, зейнеткерді алып шықты. Алайда үйдегі екі адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда полиция қызметкері жанып жатқан үйге кіріп, зейнеткерді алып шықты. Алайда үйдегі екі адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін түнгі үштер шамасында өрт болды. Қатты өрт Лазарев көшесіндегі жеке үйді шарпыды. Сонымен қатар, ол үйдің ауласында тұрақта тұрған көлікті жоқ қылып жіберді. Өрт кезінде үйде адамдар болған. Бірінші болып көршілер дабыл қақты.

Реклама
Реклама

"Біз ояндық, өрт болып жатыр екен. Полиция қызметкері қақпаны қағып, бәрімізді оятты. Біз онымен бірге ауланы айналып жүгірдік. Көршілерге баруға тырысты, олардың терезелерін де сындырды. Ер адамды алып шықты. Қалғанын, өкінішке қарай, алып шыға алмады. Себебі бүкіл үйді өрт жаулады", - дейді жергілікті тұрғын, оқиғаның куәгері.

Жақын маңдағы үйдің тұрғыны түнде дауыстар отшашулар сияқты шыққанын және оянып кеткенін айтады.

"Терезеге қарасам, өрт шықты. Мен жүгіріп шықтым, көршілеріміз өртеніп жатыр деп ойладым. Сіңілімді оятып, жолға қарай шығып кеттім. Қарасам, полиция көлігі тұр. Шамасы, енді ғана келген. Ол кезде адамдар көп болған жоқ. Полицей құтқаруға жүгірді. Ол отқа оранған үйге жүгіріп кіріп, сол жақтағы атаны құтқарды", - дейді ол. 

Қарт кісіні құтқарған полицей сол уақытта аудандық ішкі істер басқармасына келе жатқанын айтты.

"Мен аудандық ішкі істер басқармасына келе жатқанмын. Лазарев көшесімен келе жатып, 79-үйдің шатырының астынан жалын шығып жатқанын көрдім. Алдымен жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын оятып, оларды топтастырып, қауіпсіз қашықтықта тұруларын сұрадым. Көршісінің ауласы арқылы жанып тұрған үйдің ауласына кірдім. Үйдің терезесін сындырып, сол терезе арқылы атаны шығарып алдым. Мен оны "жедел жәрдем" қызметкерлеріне тапсырдым. Өрт толық оқшауланғанға дейін өзім сол жерде болдым", - деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының учаскелік инспекторы Бектемір Қауынбаев.

Өрт кезінде, үйде 71 жастағы ер адам, оның 33 жастағы өгей баласы және 15 жастағы немересі болғаны анықталды. Өкінішке қарай, жасөспірім мен оның ағасы қайтыс болды. Зейнеткердің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

"Полицей жарады, сасып қалған жоқ. Жүгіріп кетті, мен қорқып кеттім, ол да жанып кетті деп ойладым. Оның әріптестері келді, көптеген адамдар жиналды. Полицей өз өмірі үшін қорыққан жоқ. Жарайсың!" - деді жергілікті тұрғын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная