ПОДЕЛИТЬСЯ
11 маусым 2019 | 01:51
Алматыда полицейлер Tengrinews тілшісін соққыға жықты
Алматыдағы митинг кезінде Tengrinews.kz тілшісі зардап шекті.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы митинг кезінде Tengrinews.kz тілшісі зардап шекті.
Тілші Шоқан Алхабаев 11 маусымда түнде Сайран маңында (Әуезов ауданы) полицейлердің көшеге шыққандарды ұстап жатқан жағдайын видеоға түсірген. Кейбір мәліметтер бойынша, полиция заңсыз митингіге шыққандарда суық қару бар деген хабардан кейін тексеріс шараларын жүргізген.
Полиция қызметкерлері Tengrinews.kz журналисінің түсіріліміне кедергі болып, артынша телефонын алып қойған. Мұнымен қоймай, тілшіні бірнеше рет ұрған.
Журналиске жасалған шабуылдың алдында түсірілген видео:
"Полицейлер көшедегілерді ұстап жатқанын түсіріп алу үшін жақындағанмын. Олардың бірі "Неге түсіріп тұрсың?" деді. Мен журналист екенімді айттым. Ол түсірмеуімді сұрады. Сосын басқа полицей келіп, мені ұстауға бұйрық берді. Телефонымды алып қойды. Қайтаруын сұрадым. Кейін тағы бірнеше полицей келді. Қолымды бұрап, жерге құлатты. Тебе бастады. Бетімнен, ішімнен тепті", - деді ол.
"Мен қарсы болып, журналист екенімді айтып, айғайладым. Босатуды сұрадым. Көп ұстап тұрды. Мені ұстаған сәтте куәлігімді қалтамнан шығаруға тырыстым. Бірақ олар куәлігімді алып шығуымды күтпей, ұстап, кейін құжатымды тартып алды. Куәлігімді таппай қалдым", - деді Шоқан Алхабаев.
Журналистің киімі жыртылған:
Tengrinews.kz редакциясы Алматы Полиция департаментіне және Ішкі істер министрлігіне жауап алу үшін хабарласты.
Показать комментарии
Читайте также