03 маусым 2024 | 11:40

Алматыда полицейлердің пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалған

Фото ©️ Турар Казангапов

Алматыда полицейлердің пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалған. Антикор соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда полицейлердің пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалған. Антикор соталды тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Антикор мәліметінше, 2024 жылғы 17 мамырда әлеуметтік желіде белгісіз автордың бейнежазбасы тараған, онда оңтүстік астананың полиция қызметкерлеріне ақша беру дерегі түсірілген.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көрсетілген жарияланымға уақытылы ден қойып, шетелдік азаматқа қатысты әкімшілік сипаттағы шаралар қолданбағаны үшін пара алу дерегі бойынша Алматы Полиция департаментінің қызметкерлеріне қатысты соталды тергеуді тіркеді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная