Алматыда полиция балалардың пойыздағы қауіпті ойынын тексеріп жатыр

Алматыда полиция балалардың пойыздағы қауіпті ойынын тексеріп жатыр Бейнеден кадр

Әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің жүріп бара жатқан жүк пойызы вагондары сыртында отырған видеосы тарады. Көліктегі полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілерде жасөспірімдердің жүріп бара жатқан жүк пойызы вагондары сыртында отырған видеосы тарады. Көліктегі полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мән-жайы

Видеоға балалардың қауіпті ойыны түсіп қалған.

Реклама
Реклама

"Алматылық балалар жүк пойызына мініп, серуендеуді ұйғарыпты. Пікір қалдырған кейбір ересектер мұның еш айыбы жоқ деп есептейді, өйткені өздері де бала кезінде солай жасаған екен", – делінген әлеуметтік желідегі видео сипаттамасында.

Полиция не дейді?

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі жасөспірімдердің іздестіріліп жатқанын хабарлады.

"Материал Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта тексеру жүріп жатыр, оқиғаның болған күні, орны мен мән-жайы, сондай-ақ қатысушылардың жеке басы анықталып жатыр", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері тексеру нәтижесі бойынша заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама