Алматыда полиция бекетінің шатырынан отшашу атқан блогер ұсталды

Алматыда полиция бекетінің шатырына шығып, отшашу атқан блогер 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда полиция бекетінің шатырына шығып, отшашу атқан блогер 10 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

24 қарашада белгісіз біреу Алматыдағы стационар полиция постының артқы жағынан төбесіне шығып, сол жерден отшашу атып, кейін жасырынып қалған еді.

Біраз уақыттан кейін полиция қызметкерлері оны анықтап, ұстады.

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері мұндай заңсыз әрекеттердің қатаң түрде жолы кесілетінін ескертеді.

Жетісу аудандық Полиция басқармасы БАҚ пен әлеуметтік желілердегі шуға әуес 21 жастағы жігіттің әрекетін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі (Ұсақ бұзақылық) және ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 436-бабы 2-бөлігі (Елді мекендерде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану) бойынша сараптады.

Ол Алматы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен заң бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулікке қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама