ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 27 маусым 2025 11:04
Алматыда полиция фестиваліне байланысты жолдар жабылады
Алматыда фестивальге байланысты көлік қозғалысы жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан полициясы күніне арналған "Полиция – Ел қорғаны" фестиваліне байланысты 27 маусымда сағат 19:00-ден 23:00-ге дейін Республика сарайына іргелес аумақта көлік қозғалысына жартылай шектеу қойылады.
Шектеулер қолданылады:
- Достық даңғылы бойымен – Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін (екі бағытта);
- Абай даңғылы бойымен – Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін (екі бағытта).
Жүргізушілерден өз бағытын алдын ала жоспарлау және уақытша шараларға түсіністікпен қарау сұралды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу