Алматыда полиция ұстаған адамның кесірінен патрульдік көлік жол апатына ұшырады

видео кадры

Фильм кадрларына ұқсайтын оқиға Тастақ шағынауданында болған. Ұсталған адам жол апатына себепкер болды. Ол оқиға кезінде қызметтік көліктің ішінде отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фильм кадрларына ұқсайтын оқиға Тастақ шағынауданында болған. Ұсталған адам жол апатына себепкер болды. Ол оқиға кезінде қызметтік көліктің ішінде отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 22 мамырда Алмалы ауданында патрульдік автокөлік қатысқан жол апаты болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, есірткіге мас күйінде ұсталған адам кенеттен көлік тізгініне жабысып, кедергі жасаған. Ол рөлді бұрып жібергендіктен, қызметтік көлік қарсы бағытқа шығып кетіп, басқа көлікпен соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ.

Реклама
Реклама

Жол апаты кезінде полицей қызметтік міндетін атқарып жүрген. Ведомстводағылар бұл оқиға бойынша қызметтік тексеріс тағайындалғанын айтты.

Ұсталған адамға қатысты заңға сәйкес шаралар қолданылады.

Алайда, ұсталған адамның не себепті артқы орында емес, алдыңғы орындықта отырғаны туралы департамент әзірге түсініктеме берген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама