Алматыда прокуратура жедел жәрдем қызметін тексеріп жатыр

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматыда прокуратура жедел жәрдем жұмысындағы заңбұзушылықтарға қатысты істі тергеп жатыр. Бұл туралы Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда прокуратура жедел жәрдем жұмысындағы заңбұзушылықтарға қатысты істі тергеп жатыр. Бұл туралы Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-брифингте тілшілер Светлана Сұлтанғазиеваға жедел жәрдем қызметкерлері шағымын тексеруге қатысты сұрақ қойды. Олар басшылығы жеке қорғаныс құралдарын "қара нарықта" сатқаны туралы және жалақы кешігіп берілетінін айтқан еді.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі басқарманың комиссиялық тексерісі жедел жәрдем станциясының кейбір қызметкері жұмысында бірқатар заңбұзушылық анықтағанын айтты.

Реклама
Реклама

"Осыдан біраз уақыт бұрын жедел жәрдем қызметіне комиссия тексеру жүргізді. Барлық іс тергеу үшін прокуратураға жіберілді. Жедел жәрдем қызметкерлері шағымымен құқық қорғау органдары айналысып жатыр", - деп жауап берді Сұлтанғазиева.

Светлана Сұлтанғазиева тергеу басталғанын айтты.

Бұған дейін Алматыда жедел медициналық жәрдем қызметкерлері наразылық акциясын өткізгені хабарланған еді. Олар әрбір шақырту үшін үстемеақы төлеудің бұрынғы схемасын қайтаруды сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама