05 мамыр 2021 10:27

Алматыда прокуратура мониторинг топтары жұмысынан заңбұзушылық анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Прокуратура Алматы қаласындағы мониторинг топтары жұмысынан заңбұзушылықтарды анықтады. Тексерушілердің бірі күндізгі уақытта бос кафелерге кіріп, келушілердің жоқтығына қарамастан, кәсіпкерлерге айыппұл салуға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Прокуратура Алматы қаласындағы мониторинг топтары жұмысынан заңбұзушылықтарды анықтады. Тексерушілердің бірі күндізгі уақытта бос кафелерге кіріп, келушілердің жоқтығына қарамастан, кәсіпкерлерге айыппұл салуға тырысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Фархат Сәдіровтің айтуынша, Алматыда сall-орталық құрылған. Онда кәсіпкерлер жұмыс мәселесі бойынша жүгіне алады. Мысалы 2021 жылдың басынан бері мұнда 120-ға жуық шақырту түскен. Оның ішінде мониторинг топтарға шағым көп.

"Бұл топтар рейд жүргізіп, карантин шектеулерінің сақталуын тексереді. Тиісінше кәсіпкерлерде осы топ қызметіне қатысты сұрақтар туындайды. Кәсіпкерлермен диалог құру кезінде бизнес субъектілерінде наразылық тудыратын мониторинг топтары шешімі жиі анықталады", - деді Сәдіров.

Мысалы, прокуратура Алмалы ауданы мониторинг тобының заңсыз әрекетін анықтаған. Бұл топ күндізгі уақытта бос кафелерге кіріп, келушілердің жоқ екеніне қарамастан, кәсіпкерлерге адам саны нормадан асып кеткені үшін айыппұл салуға тырысқан.

Сондай-ақ, Сәдіров мониторинг топ құрамы әкімдік қаулысымен бекітілгенін түсіндірді. Оған әкімдік, полиция, "Атамекен" өкілдері мен қоғам қайраткерлері кіреді. Олардың шаралары толық құрам шыққан кезде ғана заңды болады. Олар бизнес нысандарына жалғыз бара алмайды. Мониторинг топтарға қатысы жоқ қызметкерлердің рейдтер жүргізуі де заңсыз. Мұндай жағдайларда кәсіпкерлер оларды нысанға жібермеуге құқылы.

"Іс жүзінде Наурызбай ауданындағы нысандардың біріне полиция қызметкерлері мониторинг топ ретінде барып, тыйым салынғандықтан нысанды жабуды талап еткен мысалдар бар. Шын мәнінде, бұл мекеме Ashyg пилоттық жобасы аясында жұмыс істеген. Прокуратураның араласуынан кейін ол қызметкерлер жауапкершілікке тартылды", - деді Фархат Сәдіров.
 

Сондай-ақ, ол прокурорлар пандемия жағдайында бақылаушы қызметтер қабылдайтын шектеу-тыйым салу шараларын зерделеуге ерекше назар аударатынын айтты. Мұнда да елеулі заңбұзушылықтар анықталған.

"Мысалы, Бостандық ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы өз қаулысымен 17 нысанның қызметін тоқтатты, себебі осы нысандардағы бірнеше қызметкерде COVID-19 анықталған. Мұндай нысандардың ішінде банк, жеке мектептер, университеттер және басқалары бар.

Заң бойынша санэпидқадағалау органдарының мұндай өкілеттіктері жоқ. Сондықтан прокуратура бұл жағдайға араласуға және заңсыз қаулыларды жоюға мәжбүр болды. Қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нысандар өз жұмысын қайта бастады", - деді Сәдіров.

Сондай-ақ, Фархат Сәдіров Алматының барлық кәсіпкері мемлекеттік органдардың кез келген заңсыз шешімі мен әрекеті бойынша прокуратураның сall-орталығына 8-701-775-55-00 телефоны арқылы хабарласуына болатынын ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети