Алматыда Qnet қаржы пирамидасын басқару дерегі бойынша күдікті қамауға алынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда Qnet қаржы пирамидасын басқару дерегі бойынша күдікті қамауға алынды Фото:instagram.com/qnet_kazakhstan

Алматыда Qnet қаржы пирамидасын басқару дерегі бойынша күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда Qnet қаржы пирамидасын басқару дерегі бойынша күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, Алматы қаласы бойынша ҚМА департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп Qnet қаржы пирамидасын басқару дерегі бойынша күдіктіні ұстаған.

"Ол азаматтардан ақша жинап, біреуінің жарналарының есебінен басқа қатысушыларды байыту мақсатында қайта бөлді. Айта кету керек, Qnet қызметі желілік маркетинг және электрон коммерция түрінде жасырылған. Бірқатар шет елдерде Qnet компаниясы қаржы пирамидасы саналады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізген.

"Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 айға "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Егер сіз және сіздің жақындарыңыз Qnet компаниясының қызметіне тап болсаңыз, ҚМА call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз", - делінген ҚМА мәліметінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама