ПОДЕЛИТЬСЯ
13 тамыз 2024 | 16:30
Алматыда ірі бизнес-орталығының бір қабаты сүріліп жатыр
Алматыда ірі бизнес-орталықтың бір қабаты сот шешімі бойынша сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда ірі бизнес-орталықтың бір қабаты сот шешімі бойынша сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасы мәліметінше, Мұратбаев көшесі, 63 мекенжайында орналасқан Parasat бизнес-орталығының үшінші қабаты мен мансардалық қабаты заңсыз салынған.
Бұған дейін "Parasat Samex Co LTD" ЖШС иесіне жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында ҚР ӘҚБтК 316-бабының 1-бөлігі және 321-бабы бойынша шара қабылданып, үшінші қабат пен мансарданы бұзу туралы бұйрық берілген. Алайда меншік иесі бұл талаптарды орындамағандықтан, материалдар сотқа жіберілді.
"2023 жылғы 24 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен басқарманың бұйрықты мәжбүрлі түрде орындау туралы талап-арызы қанағаттандырылды.
Меншік иесі құрылымды әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен өз бетінше бұза бастады", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также