Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігі жабылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Алматыда Райымбек даңғылының бір бөлігі жабылады Фото ©️ Tengrinews.kz/ Әлихан Сариев

Алматыдағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты Райымбек даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қалалық ұтқырлық басқармасына сілтеме жасап.

"Жол құрылыс жұмыстарына байланысты қыркүйектің 12-нен 21-іне дейін түні сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін Райымбек бойымен Назарбаев даңғылынан Төретай көшесіне дейінгі көлік қозғалысы толығымен жабылады", - делінген хабарламада.

Бұл жұмыстар 2022 жылға арналған жұмыс жоспарында қарастырылған.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама