04 қараша 2022 10:22

Алматыда ресейлік блогер жазаланды

Алматыда Ресейден келген блогер жол ережесін бұзып, бұл туралы видео жариялады. Полицейлер оны жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Ресейден келген блогер жол ережесін бұзып, бұл туралы видео жариялады. Полицейлер оны жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде ресейлік блогердің жол ережесін бұзып, көлікті дұрыс емес жерге қалдырғанында нөмірін шешіп алып кеткенін, бірақ "рақметін айтып" барлық мәселені шешкенін айтқан видеосы жарияланды.

Реклама
Реклама

Кейін Алматы полициясы жол ережесін өрескел бұзған Ресей Федерациясының 21 жастағы азаматы жауапқа тартылғанын мәлімдеді.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері оған қатысты келесі құқық бұзушылықтар бойынша хаттамалар жасады:

  • Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 601-бабы бойынша - "Жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамау";
  • Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 596-бабының 2-бөлігі бойынша - "Көлік құралының жүріс бөлігіндегі, қарсы қозғалысқа немесе озып кетуіне, сондай-ақ ұйымдасқан көлік немесе жаяу жүргінші бағанының қиылысына немесе онда орналасқан орынға орналасу ережелерін бұзу";
  • ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабының 1-бөлігі бойынша - "Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram