09 маусым 2022 | 11:26

Алматыда рұқсатсыз салынған 14 мыңға жуық құрылыс бар - министр Өскенбаев

Фото:elements.envato.com

Алматыда рұқсатсыз салынған 14 мыңға жуық құрылыс бар. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда рұқсатсыз салынған 14 мыңға жуық құрылыс бар. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатта электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жер қойнауын пайдалану, жергілікті мемлекеттік басқару және мемлекеттік шекара мәселелері бойынша түзетулерді талқылау кезінде депутат Ольга Булавкина ИИДМ басшысына заңсыз салынған құрылыстар туралы сұрақ қойды.

"Заң жобасына сәйкес қажетті рұқсаттамаларсыз салынған жылжымайтын мүлік туралы мәселелерді шешу үшін Алматының ерекше мәртебесі туралы заңға жекелеген өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, онда жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі атқарушы органда комиссия құру көзделеді. Жақсы делік, бірақ, рұқсат құжаттарынсыз салынған жылжымайтын мүлікті тіркеу мәселесі тек осы қалаға ғана емес, сонымен қатар, басқа да ірі елді мекендерге тән. Министрліктің осы мәселе бойынша қандай жоспарлары бар"- деп сұрады сенатор.

Реклама
Реклама

Министр өз еркімен салынған құрылыстарды заңдастыру және оларды бұзу туралы мәселе заңнамамен реттелгенін және ол сот тәртібімен шешілетінін атап өтті. 

"Ауылдық елді мекендерде заңдастырылмаған құрылыстар өте көп. Өз еркімен салынған құрылыстар шамамен 14 мың болады", - деді Қайырбек Өскенбаев.

Министр заңсыз құрылыстар мәселесі жиі көтерілетінін жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная