17 тамыз 2024 | 10:40

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырықтың учаскелері біраз уақытқа жабылады

Алматы әкімдігінен

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырықтың учаскелері біраз уақытқа жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жолайырықтың учаскелері біраз уақытқа жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рысқұлов даңғылының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

17 тамызда сағат 23:00-ден 19 тамыз сағат 11:00-ге дейін Табачнозаводская көшесінен батыс бағытта Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығындағы бұрылысқа дейін қозғалыс жабылады.

Реклама
Реклама

18 тамызда сағат 23:00-ден 20 тамыз сағат 11:00-ге дейін Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығының басынан Табачнозаводская көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы учаскеде қозғалыс жабылады.

Рысқұлов-Сейфуллин және Рысқұлов-Жансүгіров жолайырықтарындағы жолдар арқылы екі бағытты да айналып өтуге болады.

Жөнделіп жатқан учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымының басшысының байланыс ақпараттары көрсетілген стендтер қойылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram