19 ақпан 2020 10:18

Алматыда Сағынтаев қала тұрғындарына есеп берді

© Тұрар Қазанғапов

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу 3200 адамға арналған Halyk Arena-да өтті.

Реклама
Реклама

Бүгінгі есеп беру кездесуі Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "тыңдайтын мемлекет" қағидатының жалғасы ретінде өтті.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев қала әкімі лауазымына тағайындалған сәттен бастап әр аудан тұрғындарымен екі реттен кездесу өткізді.

Тамыз айында барлық ауданда өткен кездесулердің бірінші циклі кезінде 3,5 мыңнан аса тұрғын қатысты. 880-ге жуық сұрақ қойылды. Соның 123-іне кездесу барысында тікелей түсініктеме берілді. Іс жүзінде әрі ұйымдастыру шараларын қабылдауды талап ететін 756 мәселе бойынша әрбір ауданда іс-шаралар жоспары құрылды. 

22 қарашада Алматы қаласының әкімі Сағынтаевтың барлық сегіз ауданның тұрғындарымен кездесуінің екінші кезеңі басталды. Оған шамамен қала тұрғындарының 3,8 мыңы қатысты. Шамамен 460 алматылықтан 785-тен аса сұрақ қойылды. Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу үшін іс-шаралар жоспары бекітіледі.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram