ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қаңтар 2020 | 10:58
Алматыда салықшылар жүйелі түрде пара алған деген күдікке ілінді
Алматының салықшылары тұрмыстық сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінді. Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бірқатар қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мемлекеттік кірістер департаментінің Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының "Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау мен өңдеу және салықтық тіркеу орталығы" бөлімінің басшысына және осы бөлімнің бас маманына қатысты жүйелі түрде пара алу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Олар жеке кәсіпкердің (ЖК) шотын бұғаттан алу мен әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жеке кәсіпкерлердің өкілдерінен 30-40 мың теңге көлемінде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алғаны үшін күдікке ілінді", - делінген ведомство хабарламасында.
Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.
Показать комментарии
Читайте также