13 мамыр 2020 | 14:31

Алматыда салынған муралдың неге өзгертілгені анықталды

Алматыда коронавируспен күресіп жатқандарға арналған муралға кейбір өзгерістер енгізіліп, оны салу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда коронавируспен күресіп жатқандарға арналған муралға кейбір өзгерістер енгізіліп, оны салу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мурал Төле би мен Байзақов көшелерінің қиылысында тұр.

Реклама
Реклама

Туындыны салу жұмыстары осыдан бірнеше күн бұрын аяқталуы керек болатын. Бастапқыда мурал авторлары дәрігердің, полицейлердің және әскерилердің үлкен шар ұстап тұрғанын бейнелемек болған екен. Алайда жергілікті тұрғындардың наразылығына байланысты оны ауыстыруға тура келген.

Вирустың орнына суретшілер шардың суретін салған. Осыған байланысты мұны салу 11 күнге дейін созылған.

"Халық дұрыс түсінбей қалғандықтан бізге муралды ауыстыруға тура келді. Біз осы арқылы дәрігерлерге пандемиямен күресудің қаншалықты ауыр екенін көрсеткіміз келді. Бұл туындының мәні зор", - дейді мурал авторы Тамара Елфимова.

Бұл туындыға Тамара Елфимовамен бірге суретші Джахар Юнусов атсалысқан. Юнусовтың айтуынша, бұл мурал дәрігерлерге, полицейлерге және әлемдегі барлық құтқарушы адамдарға арналады. Вируспен күресіп жатқан әрбір адам біздің оларды бағалайтынымызды білгенін қалаймын дейді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная