24 қараша 2021 | 13:43

Алматыда салынып жатқан жолайрықтар тиімді ме? Әкімдік жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінен

Алматылық шенеунік кептелістерді азайтуда тиімсіз деп танылса да, салынып жатқан жолайрық неге тиімді саналатынын айтты. Ол қаладағы көлік инфрақұрылымын дамыту тақырыбы бойынша қоғамдық тыңдауларда өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматылық шенеунік кептелістерді азайтуда тиімсіз деп танылса да, салынып жатқан жолайрық неге тиімді саналатынын айтты. Ол қаладағы көлік инфрақұрылымын дамыту тақырыбы бойынша қоғамдық тыңдауларда өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жиында қатысушылардың бірі неге Алматыда әлі де жолайрықтар салынып жатқанын сұрады. Ол бүкіл әлемде жолайрықтар көлік жүктемесін азайтудың тиімсіз әдісі саналатынын айтты. Оның айтуынша, бұл қаржы қоғамдық көлікті дамытуға жұмсалуы керек.

Қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов жолдар тек адамдарды тасымалдауға арналмағанын айтты.

Реклама
Реклама

"Жол бойымен тұрғындар ғана емес, жүк тасымалы да өтеді. Кез келген жол - қаланың экономикасы. Жолсыз бүкіл экономиканы құру мүмкін емес. Адамдарды қоғамдық көлікпен тасымалдауға болатыны анық. Бірақ жүктерді де жылдам тасымалдауымыз керек. Кейбір төтенше жағдай кезінде тез жұмыс істеуіміз керек.

Бұл қажет. Иә, қала орталығына ешкім жолайрық салғалы жатқан жоқ. Бұл экономика үшін өте маңызды. Үлкен Алматы айналма жолы (ҮААЖ) бойынша жеті жолайрық салу жоспарланса, енді оны тоғызға жеткізу жоспарланған. Жылдамдық шегі сақталуы керек. Бұл орындалмаса, экономика суға батуы мүмкін. Қозғалыс жылдамдығы мен жиілігі сақталуы керек. Сол үшін жолайрықтар салынады", - деді ол.

Шенеуніктің айтуынша, бұған дейін қалада шағын көлік дәлізін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру басталған. Ол Әл-Фараби, Сайн, Рысқұлов көшелері, ҮААЖ және Құлжа тасжолынан құралған.

"Бұл бағдарламаны аяқтау сатысында тұрмыз: жаяу жүргіншілер жолы жоқ және бұрылыссыз жолайрықты алты жолаққа дейін ұлғайту міндеті тұр. Қазір екі бағдаршам қалды: Рысқұлов даңғылында, Тілендиев пен Жангелдин көшелері қиылысында", - деді Мырзаханов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная