ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 сәуір 2021 11:42
Алматыда сауда орталығына мина қойылды деген ақпарат тарады
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде бомба қойылды деген ақпарат тарады. Қалалық полиция департаменті жағдайға түсінік берді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бомба туралы ақпарат Instagram-парақшада жарияланды.
"Март" сауда және ойын-сауық орталығында бомба қойылды деген күдік бар", - делінген жазбада.
Алматы полиция департаменті өкілдері оларға осы сауда орталығында қойылған жарылғыш зат туралы хабарлама түскенін айтты.
"Бұл хабарламаға қаланың шұғыл қызметтері қауіпсіздік шараларын қабылдады. Ең алдымен қызметкерлер арасынан 40-қа жуық адам эвакуацияланды, келушілер болған жоқ себебі әлі ашылмаған, қазіргі уақытта саперлер тексеріс жатыр, қабылданған шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз", - деді ПД өкілдері.
Кейін тексеру аяқталғаны белгілі болды, жарылғыш зат табылған жоқ. Ақпарат әлі расталмады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу