Алматыда сауда орталығына "мина қойылды" деген хабар түсті

Видеодан алынған кадр

Белгісіз біреулер Алматының сауда орталықтарының бірінде бомба қойылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Белгісіз біреулер Алматының сауда орталықтарының бірінде бомба қойылғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі оқиға 4 шілдеде таңертең болғанын хабарлады. Сағат шамамен 10.04-те полицияға қаланың сауда орталықтарының біріне мина қойылғаны туралы қоңырау түскен.

"Бірінші кезекте орталыққа келушілер мен қызметкерлерді эвакуациялау жүзеге асырылды. Жол-патрульдік полиция жасақтары осы нысан маңындағы жолдан көліктерді қайтарды", - деп мәлімдеді ПД өкілдері.

Реклама
Реклама

Жедел басқару орталығының мәліметінше, тексеру шаралары аяқталды. Мина туралы ақпарат жалған болып шықты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама