ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қараша 2022 | 14:09
Алматыда сауда орталығында төбелес шығарған оператор ісі әкімшілік сотқа жіберіледі
Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде балалар орталығының әкімшісі мен белгілі оператор Азамат Дулатовтың төбелесінің оқиғасы зерттеліп жатыр. Қалалық полиция жанжалға қатысушылардың барлығына қатысты әкімшілік баптар бойынша материалдар жиналғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полициясының мәліметінше, Бостандық ауданының ПІБ жанындағы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі Алматы СОО-ның біріндегі балалар орталығында болған төбелес дерегі бойынша талқылау жүргізген.
Жанжалдың барлық үш қатысушысына - ерлі-зайыптылар мен мекеме әкімшісіне әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды. Ерлі-зайыптыларға - ӘҚБтК-нің 73-1-бабы, 1-бөлігі "денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бойынша, әкімшіге ӘҚБтК-нің 434-бабы "ұсақ бұзақылық" бойынша тексеріс жүріп жатыр.
3 қарашада полиция шешім қабылдау үшін материалдарды Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына береді.
Еске салайық, танымал оператор және продюсер Азамат Дулатовтың басы дауға қалды. Ол балаларға арналған ойын-сауық орталығында қызметкерді ұрып жіберген болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также