Алматыда Сайран жағалауынан қаңтар кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Алматыда Сайран жағалауынан қаңтар кезінде ұрланған қару-жарақ табылды Фото: polisia.kz

Алматыда Сайран көлі жағасынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда Сайран көлі жағасынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оны 27 сәуірде "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері тапқан. ІІМ мәліметінше, қару бұған дейін жаппай тәртіпсіздік кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған.

Ел бойынша қаруды тәркілеу

Жарнама
Жарнама

ІІМ мәліметінше, жыл басынан бері 900-ден аса қару тәркіленген, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 74 қару бар. Сондай-ақ айналымнан төрт мыңнан аса оқ-дәрі алынған.

27-29 сәуір аралығында өткен жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде 67 дана атыс қаруы және түрлі калибрдегі 200-ден аса оқ-дәрі тәркіленген.

"Ішкі істер министрлігі ескертеді: заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатады. Азаматтарды заңсыз сақталған қаруды тапсырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өз үлесін қосуға шақырамыз", - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама