ПОДЕЛИТЬСЯ
14 желтоқсан 2022 | 09:03
Алматыда "Сергек" камералары 7 миллиард теңге көлеміндегі заңбұзушылықтарды тіркеді
Алматыда "Сергек" камераларына 7 миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда "Сергек" камераларына 7 миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"11 айда "Сергек" камералары 7 миллиард 58 миллион 166 мың теңге болатын 976 240 заңбұзушылықты анықтады", - деді Алматы Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне.
"Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендері (АБК) Алматыда 2019 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істейді. 2022 жыл бойынша, Алматыда 766 "Сергек" AБК және 5 034 фото және бейнебақылау камералары жұмыс істейді.
Алматыда "Сергек" камералары жол ережесін бұзғандарды тіркейді:
- Жол белгілері немесе жолдың жүру бөлігі белгіленген талаптарды сақтамау;
- Жылдамдықты асыру;
- Бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту;
- Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также