14 желтоқсан 2022 09:03

Алматыда "Сергек" камералары 7 миллиард теңге көлеміндегі заңбұзушылықтарды тіркеді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алматыда "Сергек" камераларына 7 миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Сергек" камераларына 7 миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"11 айда "Сергек" камералары 7 миллиард 58 миллион 166 мың теңге болатын 976 240 заңбұзушылықты анықтады", - деді Алматы Полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне.

Реклама
Реклама

"Сергек" аппараттық-бағдарламалық кешендері (АБК) Алматыда 2019 жылдың сәуірінен бастап жұмыс істейді. 2022 жыл бойынша, Алматыда 766 "Сергек" AБК және 5 034 фото және бейнебақылау камералары жұмыс істейді.

Алматыда "Сергек" камералары жол ережесін бұзғандарды тіркейді:

  • Жол белгілері немесе жолдың жүру бөлігі белгіленген талаптарды сақтамау;
  • Жылдамдықты асыру;
  • Бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту;
  • Көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram