09 қаңтар 2020 | 13:53

Алматыда "Сергек" сегіз күнде 42 миллион теңге "табыс тапты"

Алматыда 2020 жылдың алғашқы сегіз күнінде "Сергек" камералары 42 миллион теңгеге жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 2020 жылдың алғашқы сегіз күнінде "Сергек" камералары 42 миллион теңгеге жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция баспасөз қызметінің мәліметінше, қалада осы мерзімде 2564 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі тіркелген. "Жиі" бұзылатын ережелер арасында жылдамдықты асыру (сағатына 10-20, 20-40 және 40-тан аса шақырым) байқалады. Полицейлер жүргізушілер жол бойындағы жол қозғалысы ережелерінде бекітілген талаптарға назар аудармайтынын байқаған. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, 1 қаңтардан бастап "Сергек" алматылықтарды ЖҚЕ бұзғаны үшін айыппұл сала бастады. Қалада 400 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылған. 

"Сергек" жылдамдықты асыру, бағдаршамның қызыл түсіне өту, жол белгілерін елемеу, жолақтарды елемеу, көлікті тоқтату ережесі және көлік құралдарын тұраққа қою, сондай-ақ қоғамдық көлікке арналған жолмен жүру деректерін тіркейді. 

Осыған дейін, қалада 26 кешен қиылыстар мен тізбектік аймақтарда істеп тұрды, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік бағытында 27 камера орнатылған. 2017 жылы Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан 136 адам қаза тапқан. Бір жылдан соң бұл көрсеткіш 133 адам болған. 

"Сергек" кешендері жайлы алғаш рет 2017 жылы елордалық жүргізушілер айта бастады. Ол кезде жоба қалада сынақтан өткізілген. Бір жылдан соң Нұр-Сұлтанда жол апаты салдарынан қаза табу көрсеткіші 43 пайызға төмендеген. 2017 жылы жол апатынан 60 адам қаза тапқан, бір жылдан соң көрсеткіш - 34 болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная