Алматыда Сейфуллин даңғылының бірнеше бөлігі уақытша жабылады

Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда Сейфуллин даңғылының учаскелері жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда Сейфуллин даңғылының учаскелері жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Сейфуллин даңғылы учаскелерінің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

  • 1 УЧАСКЕ: 24 қыркүйекте сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін Тобаяқов көшесінен Сейфуллин-Жансүгіров жолайрығына дейін көлік қозғалысы жабылады. Айналма жол Радищев, Тобаяқов және Жансүгіров көшелерімен қамтамасыз етіледі.
  • 2 УЧАСКЕ: 25 қыркүйекте сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін қозғалыс Ақпаев көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін жабылады. Айналма жол Ақпаев пен Жансүгіров көшелерімен қамтамасыз етіледі.
Реклама
Реклама

Жөнделетін учаскелерде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама