Алматыда шағынаудандардың бірі жарықсыз қалды

Сурет: Freepik.com

Алматыда шағынаудан ағаштарды кесуге байланысты электр қуатынсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда шағынаудан ағаштарды кесуге байланысты электр қуатынсыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалқаман-2 шағынауданының тұрғындары таңертеңнен бері жарықсыз отырғанын айтты.

Наурызбай ауданының әкімдігі өкілдері жарық 10 киловольт фидер 9-141 әуе желісінің өтініші бойынша өшірілгенін айтты. Жарық электр сымдарының үстінде қауіпті ілініп тұрған ағаш бұтақтарын кесу үшін өшірілген. Сонымен қатар, электр қуаты Таужолы мен Ақжар шағынаудандарында да өшірілген.

Реклама
Реклама

"Қарасай аудандық пайдалану қызметі апаттық-қалпына келтіру жұмыстары үшін 42 қосалқы станциядан 12 фидерді 30 минутқа ажыратады. Қазір жарық қайта берілді", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

"Алатау Жарық компаниясы" (АЖК) Қалқаман-2-де жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын растады. Компания электр қуатының сағат 17:00-ге дейін берілмейтінін атап өтті. Жұмыс кестесімен АЖК сайтында танысуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама