ПОДЕЛИТЬСЯ
19 қыркүйек 2024 | 08:46
Алматыда шетелдік автобустағы жолаушыларды балағаттаған: сараптама тағайындалды
Алматылық автобуста шетелдік азаматқа қатысты жанжал шықты. Оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматылық автобуста шетелдік азаматқа қатысты жанжал шықты. Оқиға видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бейнежазбада ер адамның автобуста таңқурай салынған қорапты жанына қойып, екі орындықта отырғаны көрінеді. Бұл ретте ол әйелдердің орын беру туралы өтініштеріне міз бақпайды.
"Жүкті қыз қорапты алуын сұрағанда, ол бас тартып, балағаттай бастады", - деп жазады видео авторы.
Ағылшын тілінде сөйлеген жолаушы еш қымсынбай, жолаушыны балағаттай жөнелген.
"Көзіңді аш, ақымақ. Аш көзіңді. Семіз шошқа. Сен тым семізсің", - дейді видеода.
Кейбір комментаторлар видеодағы ер адамды ұлыбританиялық журналист деп мәлімдейді. Алайда біз жүгінген Ұлыбритания елшілігі мұны жоққа шығарды.
Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына Ішкі істер министрлігі осы дерекке қатысты АҚШ азаматының анықталғанын хабарлады.
"Іс Алматы Полиция департаментінің Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша құқықтық бағалау берілетін болады", - деп хабарлады министрлік.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также