ПОДЕЛИТЬСЯ
18 қазан 2021 | 12:27
Алматыда шетелдіктерге еңбек визасын заңсыз рәсімдеген компаниялар анықталды
Алматыда шетелдік жұмысшыларға заңсыз еңбек визасын берумен айналысатын бірнеше ЖШС анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыда шетелдік жұмысшыларға заңсыз еңбек визасын берумен айналысатын бірнеше ЖШС анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматыда шетелдіктерге заңсыз еңбек визасын берумен айналысатын жаңа нысандарды анықтадық. Бір пәтерде тіркелген, ешқандай қызметпен айналыспаған, салық пен бюджетке төлем төлемеген жеті ЖШС ұсталды. Алайда осы ЖШС арқылы шетелдіктерге 16 еңбек визасы берілген. Бұл факт бойынша ІІМ көші-қон қызметінің сотқа дейінгі тергеуі басталды", - деді Ораз ІІМ брифингінде.
Ол 11 қазаннан бастап елімізде "Заңсыз-кордон" аймақтық операциясының екінші кезеңі жүргізіліп жатқанын айтты. Полиция шетелдіктердің еңбегін заңсыз пайдаланатын жұмыс берушілерді, шетелдіктер тұратын тұрғын үй секторларын, құрылыс алаңдарын, базарларды тексереді.
"Көші-қон заңнамасының 12 мыңнан астам бұзушылықтары анықталды. Олардың 9 мыңға жуығы шетелдіктердің елде болу мерзімін бұзуына қатысты болса, 3300-і шетелдіктердің заңсыз жұмысқа орналасуына байланысты.
535 жұмыс беруші шетелдіктердің жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көші-қон заңнамасын бұзушыларды елден шығару туралы 792 сот шешімі шығарылды", - деп толықтырды Нұрділдә Ораз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также