29 қараша 2018 | 12:55

Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсеткен жезөкшелер ұсталды: Оқиғаның видеосы

Видеодан алынған кадр

Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсететін караоке-бардағы жезөкшелердің ұсталған сәтінің толық видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсететін караоке-бардағы жезөкшелердің ұсталған сәтінің толық видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық Полиция департаментіндегілердің мәліметінше, притон ұйымдастырушылар тек шетелдіктерге қызмет еткен. Сол сәтте караокеде Оңтүстік Кореяның 22 азаматы мен 18 жеңіл жүрісті қыз болған. Арнайы операцияға төрт елдің қызметкерлері қатысқан - Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан.

Реклама
Реклама

Видео департаменттің Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды.
 
"Мұнда төрт басшы болған, олардың екеуі - Оңтүстік Корея азаматтары. Олардың караоке-барларында жеңіл жүрісті қыздар жұмыс істеп, тек шетелдіктерге қызмет көрсеткен. Ұсталғандардың барлығы Полиция департаментіне жеткізілді. Төрт ұйымдастырушыға қатытсы ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Таяуда оларға қатысты бұлтартпау шарасы таңдалады", - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының басшысы Берік Әбілбеков.

Еске салайық, осыған дейін Алматыда шетелдіктерге қызмет көрсететін жезөкшелері бар караокенің анықталғаны хабарланған еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram