15 қаңтар 2022 | 18:11

Алматыда соққыға жығылған полицейлердің видеосы жарияланды

Алматы қалалық ПД полицейлерді ұрып-соғып жатқан бейнелерді көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық ПД полицейлерді ұрып-соғып жатқан бейнелерді көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл жинақ 4-5 қаңтар аралығында бейнебақылау камераларына түскен видеолар мен әлеуметтік желілердегі материалдардан жасалған.

Реклама
Реклама

Ақпарат бойынша, лаңкестік әрекеттердің жолын кесу және мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары мен стратегиялық нысандарына қарулы шабуылдарды тойтару нәтижесінде Алматы полициясының үш қызметкері қаза тапты, тағы 185 тәртіп сақшысы жарақат алды, олардың екеуінің жағдайы ауыр.

Қаңтардың 5-і Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің әкімшілік ғимаратына жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде екі полиция қызметкері Ален Асылханов пен Ринат Қамбетов жарақат алып, оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір тәртіп сақшысы Нұрболсын Алмасов стратегиялық маңызы бар нысандардың бірін қорғау кезінде қайтыс болды.

Әскери және қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, сондай-ақ мемлекет мүддесін қорғаудағы ерліктері үшін бұл полиция қызметкерлері ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная