Алматыда стриптиз-клуб түнде қонақтар қабылдаған

Видеодан алынған кадр

Алматыда стриптиз-клуб түнде қонақтар қабылдағаны анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда стриптиз-клуб түнде қонақтар қабылдағаны анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы Полициясы департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-алдын алу іс-шаралар және азаматтардың жаппай баратын жерлеріне бақылау жүргізу барысында қонақтарды қабылдаған түнгі стриптиз-клубты анықтады.

"Полиция Алмалы ауданындағы Наурызбай батыр көшесіндегі үйлердің бірінің жертөлесінде орналасқан стриптиз-клубты анықтады. Тәртіп сақшыларының сапары кезінде жұмыс орнында ер адамдарға қызмет көрсететін 13 қыз болған. Қыздардың Алматыға Қазақстанның барлық аймағынан жұмыс істеуге келгені анықталды. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы саласындағы заңнаманың талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтерді бұзғаны үшін ҚР ӘҚбК-нің 425-бабы бойынша құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды", - деді Алматы қалалық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама