31 қаңтар 2023 | 14:44

Алматыда су тарифі өсе ме?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©РИА Новости

"Алматы су" су тарифі қаншаға өсуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Алматы су" су тарифі қаншаға өсуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алматы су" қалалық коммуналдық су құбыры кәсіпорнының брифингінде "кәсіпорын суық су мен кәріз тарифтерін көтеруді жоспарлап отыр ма" деген сұрақ қойылды. "Алматы су" кәсіпорнының бас директоры Ілияс Қазиев қазір, шынымен де, тариф саясатын көтеру бағытында өзгерту мәселесі қарастырылып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қолданыстағы тариф желілерді жаңғыртуды қамтамасыз ете алмайды.

"Қолданыстағы тариф жылына 25 шақырымға дейін желілерді қайта құруға мүмкіндік береді, бірақ іс жүзінде жылына 100 шақырымнан аса желі жаңғыртуды қажет етеді. Бұл қаражат тарифте қарастырылуы керек. Тариф өседі. Қазір есеп бойынша, заңдық база бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жыл бойы тарифтер өседі деп ойлаймын, егжей-тегжейін тұрғындарға хабарлаймыз", - деді "Алматы су" директоры Ілияс Қазиев.

Реклама
Реклама

Компания өкілдері қазір қаладағы тариф ҚҚС-ты қосқанда 48 теңге шамасында екенін айтты. Бұл республика өңірлеріндегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная