01 қазан 2024 | 14:29

Алматыда субұрқақтар маусымы аяқталды

Фото: Алматы әкімдігі

1 қазанда Алматыда қалалық субұрқақтар жұмысының маусымы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1 қазанда Алматыда қалалық субұрқақтар жұмысының маусымы аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, суық ауа райының басталуына байланысты қызмет көрсететін компанияның мамандары күзгі-қысқы кезеңде субұрқақ жабдықтарын сақтау процесіне кіріскен.

"Консервациялау жұмыстары екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші кезеңде субұрқақтардан су ағызылады, құбыр жүйелері үрленеді, субұрқақтардың тостағандары мұқият тазаланады. Бұдан әрі оны тексеру және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жабдықты бөлшектеу, оның ішінде істен шыққан агрегаттарды ауыстыру жүргізіледі. Бұл іс-шаралар дәстүрлі түрде мамыр айының басында басталатын жаңа маусымға субұрқақтарды дайындауға бағытталған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, келесі маусымның басына дейін қызмет көрсететін компанияның қызметкерлері субұрқақ тостағандарына шағын жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қыс мезгілінде субұрқақтар мен оларға іргелес аумақтардың санитарлық жағдайын, соның ішінде парапеттен бір метр радиуста қоқыс пен қардан тазарту жоспарланғаны айтылды.

Еске салайық, Алматыда 66 коммуналдық субұрқақ жұмыс істейді. Олар жыл сайын 1 мамырда іске қосылады және 1 қазанда өшіріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная