Алматыда суға шомылу маусымына неге тыйым салынғаны белгілі болды

Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада суға шомылу маусымына неге тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада суға шомылу маусымына неге тыйым салынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, су қоймаларындағы судың сапасы күмән тудырады.

"Тәжірибемізге сүйенсек, бізде ыстық климат. Судың сапасы қажетті бактериологиялық және паразитологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмейді. Сондықтан біз жағажай аймақтарын ашуды қарастырып отырған жоқпыз. 1 маусымнан бастап оларды ашу туралы бірнеше ұсыныс болды. Біз бұл мәселені кейінге қалдырдық. Оны 15 маусымнан кейін қарастырамыз", - деді Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, ол спорт кешендеріндегі бассейндер жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Алматы қаласының бас санитар дәрігері шаһарда қандай нысандар жұмыс істемейтінін айтқан еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама