ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 наурыз 2020 17:11
Алматыда тағы бір адам коронавирус жұқтырды
Алматыда тағы бір адам коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді.
Осы сағатта Алматы қаласында – 18 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 18 адам, жалпы 36 науқас тіркелді", - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Еске салайық, мұның алдында Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланғаны хабарланған болатын. Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады. Кеше премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өткен еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу