Алматыда тағы бір автобус бағыты ашылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір бағыт ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

Алматыда қала маңына қатынайтын тағы бір бағыт ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік мәліметіне сілтеме жасап.

Қала маңына қатынайтын жаңа №235 бағыт "Сәлем" базары мен Іле ауданындағы Исаев кенті арасында жүреді.

"ISUZU Н-40 маркалы шағын сыйымдылықтағы 10 автобус жолаушылар тасымалына шықты. Қозғалыс аралығы – 12 минут", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Естеріңізге сала кетейік, Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы басқарма 25 елді мекенді қамтитын 10 жаңа қала маңындағы маршрутты ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұрын 5 маршрут ашылған болатын, қалған төртеуі дайындық үстінде. Бұған қоса, Алматы және Алматы агломерациясын дамыту жоспарына сәйкес 2024 жылдың соңына дейін 20 жаңа қала маңына қатынайтын бағытты ашу көзделген. Соның есебінен 50 елді мекен қамтамасыз етіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама