18 шілде 2024 08:21

Алматыда тағы бір автобус жол апатына ұшырады

видео кадры

Желіде 17 шілдеде таңғы сағат 04:18-де №32 жолаушылар автобусының жүргізушісі кері бұрылған кезінде жеке үйдің қоршауына кіріп, газ құбырын соққанын айтқан видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сондай-ақ, видео авторы көлік жүргізушісінің мас болғанын айтты.

Алматы Полиция департаменті Түрксіб ауданында қоғамдық көлік жол-көлік оқиғасына ұшырағанын хабарлады.

Реклама
Реклама

"ЖКО дерегі тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды. Жол апатының басқа жағдайлары анықталып жатыр", - деді ведомство өкілдері.

@nuriddin.1986_ #дтп #алматыказахстан #автобус #сак #бол #кудай #сактасын ♬ оригинальный звук - Нуриддин

Жағдайға қатысты "АлматыЭлектроТранс" ЖШС пікір білдірді.

"Бұл факт тіркелді, істің мән-жайы белгіленеді. Тергеу нәтижелері бойынша жүргізушінің кінәсінің дәрежесі туралы баға беріледі", - деді компанияның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram