Алматыда тағы бір компания құрылыс лицензиясынан айырылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Алматыда тағы бір компания құрылыс лицензиясынан айырылды Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі\көрнекі сурет

Алматыда тағы бір мердігердің құрылыс лицензиясы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда тағы бір мердігердің құрылыс лицензиясы тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СК MEGARON ЖШС Б.Хмельницкий көшесінен бастап Тәжібаев, Бакинская, Физули көшелері арқылы Майлин көшесіне дейін су құбыры желілерін қайта жаңарту, сондай-ақ, Мыңбаев және Манас көшелеріндегі су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстарын орындаған.

"Мердігерге жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер сақталмағаны анықталды. Осыған байланысты СК MEGARON ЖШС-ның құрылыс лицензиясы кері қайтарылды", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін де Алматыда екі компания - "СК 7 строй" ЖШС және "AsiaMax" ЖШС құрылыс лицензияларынан айырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама